Криштиану Роналду ұлттық құрама сапындағы мансабын аяқтау туралы шешім қабылдады, деп жазады Sportbugin.kz.
41 жастағы шабуылшы жанкүйерлерге арналған үндеуін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
«Ұлттық құраманың жетінші нөмірлі жейдесін шешетін уақыт келді. Мен бұл жейдені ешқашан тек өзіме ғана тиесілі деп санаған емеспін. Дегенмен 23 жыл бойы оны кию мен үшін үлкен мәртебе әрі жауапкершілік болды», — деді Роналду.
Айта кетейік, Криштиану Роналду Португалия құрамасы сапында 234 матч өткізіп, 146 гол соққан. Бұл — ерлер арасындағы ұлттық құрамалар деңгейіндегі әлемдік рекорд. Екі көрсеткіш бойынша да Роналду футбол тарихында көш бастап тұр.
