Триатлоншы Рамазан Әйнегов Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында қола медаль жеңіп алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Отандасымыз жарыс қашықтығын 53 минут 27 секундта бағындырды. Ол жапониялық Дайки Нисидзакимен бір уақытта мәреге жетіп, үшінші орынды өзара бөлісті.
Жарыс жеңімпазы португалиялық Артур Гашпар болды. Ол 53 минут 13 секунд нәтиже көрсетті. Ал Люксембург өкілі Эмиль Ванолст (53:23) күміс жүлдеге ие болды.
Айта кетейік, осылайша Қазақстан құрамасының Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасында еншісінде екі медаль бар. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алған еді.
