Назым Қызайбай Тараз қаласында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының финалында жеңіліс тапты, деп жазады Sportbugin.kz.
54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Назым Қызайбай Шымкент қаласының өкілі Элина Базаровамен кездесті. Тартысты жекпе-жекте отандасымыз төрешілер шешімімен 2:3 есебімен жеңіліп қалды.
Осылайша, Элина Базарова Қазақстан чемпионы атанса, Назым Қызайбай күміс жүлдені қанағат тұтты.
Айта кетейік, Назым Қызайбай — бокстан үш дүркін әлем чемпионы және 2024 жылғы Азия чемпионы, Қазақстанның 14 дүркін чемпионы.
