Дәулет Төлемісов Тараз қаласында өтіп бокстан Қазақстан чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Финалдық бәсекеде Дәулет Төлемісов Түркістан облысының боксшысы Сағындық Тоғамбаймен қолғап түйістірді. Нәтижесінде ол 5:0 есебімен басым түсіп, Қазақстан чемпионы атанды.
Айта кетейік, Сағындық Тоғамбай 2025 жылғы Қазақстан чемпионатында
90 келіге дейінгі салмақта топ жарған еді. Сонымен қатар ол 2024 жылғы Азия чемпионы және 2022 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері.
Ал Дәулет Төлемісов былтыр 85 келіге дейінгі салмақта Қазақстан чемпионы атанған.
