Қазақстан бокс федерациясы отандық бокстың дамуына үлес қосқан Жамбыл облысының бірқатар мамандары мен ардагерлерін марапаттады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Марапаттау рәсімінде «Қазақстан Республикасының бокс ардагері» және «Қазақстан Республикасының бокс дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілері табысталды.
Ал «Қазақстан Республикасының бокс дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісіне Серік Сәлемов, Ернар Ибраимов, Мадияр Ашкеев, Бақтияр Тілегенов, Марат Мазимбаев, Әділхан Әмірханов және Асланбек Шымбергенов ие болды.
марапаттар отандық бокстың өркендеуіне, спорт саласының дамуына және ардагерлер қозғалысын қолдауға елеулі үлес қосқан азаматтардың еңбегін бағалау мақсатында табысталды.
Сонымен қатар, спорттық мансабын аяқтаған Асланбек Шымбергеновке ерекше құрмет көрсетілді. Қазақтың дәстүрімен иығына шапан жабылып, еңбегі мен спорттағы жолына құрмет білдірілді.
