Астанада өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатының қола жүлдегері Бағдат Сабаз туған жерінде құрметке бөленді, деп жазады Sportbugin.kz.
Әлемдік додада ел намысын абыроймен қорғаған балуанға аудан орталығында салтанатты қарсы алу рәсімі ұйымдастырылды. Салтанатты шара барысында аудан әкімі Марат Сағымбек әлем чемпионатының қола жүлдегері Бағдат Төлегенұлы Сабазға 2026 жылғы жаңа Toyota Camry-80 автокөлігінің кілтін табыстады.
Сонымен қатар, Алматы облысының құрметті азаматы, меценат Серік Ақсубаев Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, спорт шебері әрі жоғары дәрежелі жаттықтырушы Дәурен Кегенбаевқа 2026 жылғы Changan автокөлігін сыйға тартты.
Айта кетейік, Бағдат Сабаз Астанада өткен әлем чемпионатында 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль иеленген еді.
