Михаил Шайдоров Олимпиада маусымынан кейін әлі толық қалпына келмегенін айтты, деп жазады Sportbugin.kz.
Спортшының сөзінше, Олимпиада алтынын жеңіп алғаннан кейін жаттығуға қайта оралып, жарыстарға қатысу оңай болмай тұр.
«Олимпиада алтынынан кейін мұзға шығу өте қиын. Жалпы, жаттығуға барудың өзі ауыр. Бәрін автоматты түрде істеп жүргендей боласың. Дегенмен Олимпиада медалі бейсаналы түрде босаңсытып жіберуі мүмкін. Қайтадан жаттығуға кірісіп, жарыстарға қатысу оңай емес. Бәлкім, Олимпиада маусымынан кейін әлі толық қалпыма келмеген шығармын, сондықтан қазір қиындық сезініп жүрмін.
Ал мотивацияға келсек, Олимпиадаға дейін де мақсатым айқын еді. Мәнерлеп сырғанаушы ретінде дамып, сырғанау техникасы мен хореографияны жетілдіргім келеді. Бағдарламаларымда ерекше образдар жасауды да қалаймын. Алда әлі атқаратын жұмыс көп», — деді Михаил Шайдоров Championат.com сайтына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Шайдоров Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан ISU Гран-при кезеңінде қысқа бағдарламадан кейін 94,87 ұпай жинап, аралық есепте бесінші орында тұр.
