Астанада каратэден ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының финалдық бәсекелері өтіп жатыр, деп жазады Sportbugin.kz.
Жарыстың кумите бағдарламасында 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мөлдір Жаңбырбай алтын медаль жеңіп алды.
Әйелдер, 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлдегерлер тізімі:
1. Мөлдір Жаңбырбай (Қызылорда облысы)
2. Дияна Сергазина (Ақтөбе облысы)
3. Айгерім Тұрсынбекова (Жамбыл облысы)
4. Замира Болат (Маңғыстау облысы)
Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Мөлдір Жаңбырбай Мәскеуде өткен Moscow Karate Universe халықаралық турнирінде де алтын медаль жеңіп алған болатын.
