Таеквондошы Любовь Юн Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Отандасымыз жартылай финалда Сербия өкілі, биылғы әлем чемпионатының финалисі Эма Зецировичке 0:2 есебімен есе жіберді. Осылайша, Любовь Юн жарыстың қола жүлдегері атанды.
Айта кетейік, Жастар Олимпиадасының медалі Қазақстанға 16 жылдан кейін қайта оралып отыр. Соңғы рет 2010 жылы Сингапурда өткен алғашқы Жастар Олимпиадасында Нұрсұлтан Мамаев күміс жүлдеге ие болған еді.
