АҚШ-та мәнерлеп сырғанаудан ISU Гран-при сериясының төртінші кезеңі Skate America турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина қысқа бағдарламада 61,03 ұпай жинап, 11-орынға жайғасты.
Отандасымыздың ұпай жоғалтуына үш айналымдық лутц элементін орындау кезіндегі қателігі себеп болды. Софья секіруден толық айналым жасамай, алға қарай қонды. Соның салдарынан тепе-теңдігін жоғалтып, каскадтағы екінші міндетті секіруді (лутц – тулуп) орындай алмады.
Самоделкинаның жинаған 61,03 ұпайы бұдан екі апта бұрын Канадада өткен Гран-при кезеңінде тіркеген жеке рекордынан (71,84 ұпай) шамамен 11 ұпайға төмен.
Қысқа бағдарламадан кейінгі көшбасшылар үштігі мынадай:
1. Ами Накай (Жапония) – 82,20 ұпай;
2. Александра Игнатова (Трусова) (бейтарап мәртебе) – 74,24 ұпай;
3. Ким Ю Чэ (Оңтүстік Корея) – 73,92 ұпай.
