Бразилия футболының аңызы Роналдиньо Дубайда қазақстандық баланың тұсауын кесті, деп жазады Sportbugin.kz.
Баланың әкесі ұлының болашақта кім болғысы келетінін білу мақсатында алдына танымал спортшылар мен саясаткерлердің суреттерін жайған.
Олардың арасында кішкентай бала аты аңызға айналған бразилиялық футболшы Роналдиньоны таңдаған.
Кейін отбасы Роналдиньомен жүздесудің сәті түскен. Кездесу барысында әлемдік футбол жұлдызы қазақ халқының дәстүрлі тұсаукесер рәсіміне қатысып, баланың тұсауын кескен.
