Норвегиялық шахматшы Магнус Карлсен Будапештте өтіп жатқан шахмат турнирінде Бибісара Асаубаеваға қарсы партияны өткізуден бас тартты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Бұған оның шағын матчтағы айқын басымдығы себеп болған. Карлсен бұған дейін есепті 11,5:0,5-ке жеткізген.
Нәтижесінде норвегиялық шахматшыға техникалық жеңіліс тіркеліп, Бибісара Асаубаева сегіз ұпай иеленді.
Осылайша, алғашқы ойын күні Карлсеннің 11,5:8,5 есебімен басымдығымен аяқталды.
