Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатының үшінші жарыс күнінде 14 жастағы Маргарита Ермакова алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Жарыстың үшінші күнінде әйелдер арасында 57, 61, 69 және 77 келі салмақ дәрежелерінде жүлделер сарапқа салынды.
69 келіге дейінгі салмақта Астана қаласының өкілі Маргарита Ермакова қоссайыс қорытындысы бойынша 212 келі (жұлқа көтеру — 94 кг, серпе көтеру — 118 кг) нәтижесін тіркеп, Қазақстан чемпионы атанды. Екінші орынды 198 келі көрсеткішімен Алтынай Тәңірбергенова иеленсе, үшінші орынға 197 келі көтерген Дарья Балабаюк тұрақтады.
Ал 77 келіге дейінгі салмақта жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Аянат Жұмағали топ жарды. Ол қоссайыста 218 келі (98+120) көтеріп, алтын медальға қол жеткізді.
Үшінші жарыс күнінің нәтижелері:
57 келі:
1.Екатерина Алякина (Қарағанды облысы) – 180 кг (80+100)
2.Карина Кодирова (Қарағанды облысы) – 163 кг (70+93)
3.Елена Белокопытова (Ақмола облысы) – 156 кг (71+85)
61 келі:
1.Инабат Өмірзақ (Қызылорда облысы) – 166 кг (71+95)
2.Виолетта Какалова (Қостанай облысы) – 152 кг (67+85)
3.Софья Мухина (Жетісу облысы) – 147 кг (64+83)
69 келі:
1.Маргарита Ермакова (Астана қаласы) – 212 кг (94+118)
2.Алтынай Тәңірбергенова (Қызылорда облысы) – 198 кг (86+112)
3.Дарья Балабаюк (Қарағанды облысы) – 197 кг (88+109)
77 келі:
1.Аянат Жұмағали (Алматы қаласы) – 218 кг (98+120)
2.Аружан Дәулетова (Шымкент қаласы) – 181 кг (81+100)
3.Софья Шалгина (Шығыс Қазақстан облысы) – 173 кг (79+94)
Айта кетейік, ертең ерлер арасында 70 және 75 келі салмақ дәрежелерінде жарыстар өтеді.
