Литваның Каунас қаласында өтіп жатқан бокстан Альгирдас Шоцикас турнирінің финалында сегіз қазақ боксшысы бақ сынайды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Финалға жолдама алған спортшылар қатарындатАсылжан Серікбай (57 келі), Алмат Әбдуәли (60 келі), Жандос Қыдырәлиев (63,5 келі), Елнұр Сүйінбай (67 келі), Фарух Тоқтасынов (71 келі), Азамат Бектас (75 келі), Тұрсынбай Құлахмет (80 келі) және Абзал Құттыбеков (86 келі) бар.
Даниял Сәбит (51 келі) пен Аманат Сабырғали (+92 келі) жарыстың қола жүлдегерлері атанды.