Кеше Мәскеудегі «Крокус Сити Холл» концерт залында белгісіз біреулер халыққа оқ жаудырып, қантөгіс жасады. Концерт кезінде залда танымал комментатор Виктор Гусев әйелімен болған, деп жазады «Спорт Экспресс» басылымына сілтеме жасаған Sportbugin.kz.
Гусев қантөгіс болған концерт залынан аман шыққан.
«Бізде бәрі жақсы, рахмет», — деді ол.
Айта кетелік, Мәскеуде «Пикник» рок тобының концерті алдында теракт болып, белгісіз адамдар көрермендерге оқ жаудырды.
Теракттан қазақ болғандар саны 85-ке жетті.