Астанада таеквондодан Гран-при финалы өтіп жатыр. Байрақты бәсеке спортшылар үшін ғана емес, ұйымдастырушыларға да үлкен жауапкершілік жүктейді, деп жазады Sportbugin.kz.
Бұл туралы кеше өткен баспасөз конференциясында Қазақстан таеквондо федерациясының президенті Кудрат Шамиев мәлімдеді.
«28-29 қараша күндері таеквондошылар жарыс жолына шығады. Біздің төрт спортшымыз қатысады. Біз үшін Қазақстанда осындай доданың алғаш рет өтіп жатқаны үлкен мәртебе әрі жауапкершілік. Бұл біз үшін ғана емес, спортшылар үшін де жауапкершілік. Себебі әлемнің үздіктері келіп отыр», — деді Кудрат Шамиев.
Айта кетейік, бүгін Астанада жалауы желбіреген Гран-при финалының алғашқы күні паратаеквондошылар жарысты бастады.
