«Торпедо» хоккей клубының бұрынғы президенті Николай Проскурин өмірден өтті. Бұл туралы Shaiba.kz сайтына сілтеме жасаған Sportbugin.kz хабарлайды.
Николай Проскурин 69 жасында қайтыс болды. Ол 2016-2023 жылдар аралығында өскемендік команданың президенті болған.
Ол басшылық еткен жылдары «Торпедо» өз тарихында бір рет қана ЖХЛ-дың плей-офф финалына жетті.
Одан бөлек, Проскурин Қазақстан велоспорт федерациясының вице-президенті қызметін атқарған.