Әзербайжан астанасы Бакуде бокстан халықаралық «Ұлы Жібек жолы» турнирі жалғасуда. Дүйсенбіде үш қазақ боксшысы шаршы алаңға шықты, деп жазады Sportbugin.kz.
60 келі салмақтағы Талғат Сырымбетов венгриялық Марк Адоль Балагоны айқын басымдықпен жеңді. Үшінші раундта венгр спортшысы нокдаун алды.
71 келі салмақтағы Дархан Дүйсебай әзербайжандық Наби Искандеровті ұтты.
Ал 86 келідегі Бекзат Таңатар өзбекстандық Самандор Жалоловтан басым түсті. Үшінші раундта төреші тыйым салынған әдіс қолданғаны үшін өзбек боксшысынан екі, қазақ боксшысынан бір ұпай алып тастаған.
Айта кетелік, кешегі жарыс күнінде төрт қазақ боксшысы жеңіліс тапқан еді. Олардың қатарында Қамшыбек Қоңқабаев пен Серік Теміржанов та бар.