Бразилиялық футболшы, «Барселонаның» бұрынғы ойыншысы Дани Алвес 1 жыл 2 айдан соң Каталония түрмесінен шықты. Ол бостандыққа шығу үшін 1 млн еуро кепілақы төлеген, деп жазады испандық Marca басылымы.
20 наурыз күні испан соты Алвестің кепілақымен бостандыққа шыға алатынын мәлімдеген. Футболшыға аталған қаражатты жинау үшін бірнеше күн керек болды.
Сондай-ақ, ол өзінің екі паспортын (Испания, Бразилия) тапсырып, корольдік аумағынан ешқайда шықпауы тиіс.
Еске сала кетейік, 22 ақпан күні Дани Алвес зорлық көрсетті деген айыппен 4,5 жылға сотталған болатын.