Шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы Қазақстан біріншілігі аяқталып, алматылық «Айсұлу» кезекті рет чемпион атанды, деп жазады Sportbugin.kz.
Чемпионаттың соңғы турында алматылықтар «Торпедо» клубын 5:1 есебімен жеңді. «Айсұлу» турнир кестесінде 39 ұпаймен бірінші орын алды. Команда биылғы маусымда бір-ақ рет жеңілген.
Осылайша, «Айсұлу» Қазақстан чемпионатында 18-рет жеңіске жетіп отыр.
Күміс медальді «Томирис», қоланы «Торпедо» иеленген.