Францияның Тье қаласында өткен көркем гимнастикадан Гран-при турнирінде қазақстандық Айбота Ертайқызы үш медаль жеңіп алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Айбота шығыршық пен таспадағы жаттығудан күміс медаль иеленді. Ал доптағы жаттығудан финалдық сында қола медаль жеңіп алды.
Айта кетелік, Айбота Ертайқызы биылғы маусымда өзі қатысқан турнирлердің бәрінен медаль алып келеді.
Осы жетістігіне байланысты, ол Ташкентте өтетін лицензиялық Азия чемпионатында бақ сынайды. Одан бөлек, құраманың бірінші нөмірлі спортшысы Эльжана Таниева да жолдамаға таласады.