Еркін күрестен екі дүркін Олимпиада чемпионы Абдулрашид Садуаев Халықаралық Олимпиада комитетінің шешімі бойынша лицензиялық турнирге қатыспайды. Бұл туралы Ресей күрес федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
ХОК халықаралық жарыстарға жіберілмейтін ресейлік спортшылар тізіміне Садулаевты қосты. Осылайша, ол Бакуде өтетін лицензиялық турнирден сырт қалды. ХОК-тің тыйымына байланысты, Абдулрашидтің орнына Алихан Жабраилов белдесетін болды.
Айта кетелік, Садулаев еркін күрестен Рио және Токио Олимпиадасының чемпионы, әлем чемпионаттарының бес дүркін жеңімпазы.
Соңғы әлем чемпионатында ол өзінің қандасы, Бахрейн атынан күресетін Ахмед Тажудиновтен ұтылған.