Ақтау қаласында WKF каратэден ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
14 аймақтан 150-ден астам қатысушы жиналған біріншілікте жалпы командалық есепте Түркістан облысы құрамасы (4 алтын, 1 күміс, 2 қола) көш бастады. Екінші орынға Батыс Қазақстан облысы (3 алтын, 2 күміс, 4 қола) жайғасса, үздік үштікті Шымкент қаласы (3 алтын, 2 күміс, 3 қола) түйіндеді.
Чемпиондар қатарында Олимпиада жүлдегері Софья Берульцева мен әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай бар. Мөлдірдің күйеуі Дидар Әмірәлі қола медаль иеленді.
Ел чемпионы атағы мен жүлдесін алған спортшылар тізімі:
Әйелдер: +68 кг:
1.Софья Берульцева (Шымкент қ.)
2. Таиссия Өтелбаева (Шымкент қ.)
3. Асылай Савидова (Маңғыстау обл)
3. Дарья Терешина (Қарағанды обл)
50 кг:
1.Мөлдір Жаңбырбай (Қызылорда обл)
2. Әйгерім Тұрсынбекова (Жамбыл обл)
3. Әсел Сағидулла (Маңғыстау обл)
3. Ақниет Шеризат (Алматы қ.)
55 кг:
1. Айшабибі Шарахан (Маңғыстау обл)
2.Гүлмира Үсенова (Маңғыстау обл)
3. Мадина Әлиманова (БҚО)
3. Әсемгүл Ердәулет (Қызылорда обл)
61 кг:
1. Әсел Қанай (Түркістан обл)
2. Николь Ценгель (Астана қ.)
3. Айжан Бәкірова (Шымкент қ.)
3. Камила Мейрамбекова (Жамбыл обл)
68 кг:
1. Венера Жақсыбаева (Астана қ.)
2. Дайяна Даренская (Алматы қ.)
3. Маржан Әшім (Түркістан обл)
3. Нұрия Тізімбай (Алматы қ.)
Ерлер: +84 кг:
1. Диас Анарбеков (Жамбыл обл)
2. Әлішер Тайжан (БҚО)
3. Санжар Тахтаев (Алматы қ.)
3. Нұрнияз Елдашев (Маңғыстау)
55 кг:
1. Елнұр Төребек (Түркістан обл)
2. Жоламан Биғабыл (БҚО)
3. Жанғазы Наптал (Маңғыстау обл)
3. Бақытжан Жалғасбай (Маңғыстау обл)
60 кг:
1. Алпысбай Қайсар (Шымкент қ.)
2. Айбек Шарап (Жамбыл обл)
3. Кирилл Москвичев (Алматы обл)
3. Дархан Тимралиев (БҚО)
67 кг:
1. Олжас Алтынбек (Маңғыстау обл)
2. Ерсұлтан Тәңірберген (Алматы қ.)
3. Дидар Әмірәлі (Алматы қ.)
3. Дамир Ирғали (БҚО)
75 кг:
1. Айдос Мұхат (Маңғыстау)
2. Әбірмансұр Батырғали (Атырау обл)
3. Алихан Ғаниев (Алматы қ.)
3. Бекнар Төлеген (Шымкент қ.)
84 кг:
1. Данияр Юлдашев (Шымкент қ.)
2. Асылхан Ғалым (Қызылорда обл)
3. Диас Ұлбек (Алматы қ.)
3. Никита Тарнакин (Қарағанды обл)