Астанада бокстан спаррингтік турнир аяқталып, жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
54 келіде Таиландтағы лицензиялық жарысқа Ұлжан Сәрсенбек қатысады. Ол финалда Сымбат Әлиасқарды жеңді.
66 келіде Наталья Богдановаға тең келер адам табылған жоқ. Ол осымен үшінші лицензиялық жарысқа қатысып, Париж жолдамасын уысқа түсіруге тырысады.
75 келі салмақта команда үздігі Валентина Хальзова өз мықтылығын дәлелдеді. Гүлсая Ержан финалда айтарлықтай қарсылық танытқан жоқ.
Сондай-ақ, 50 келі салмақта Назым Қызайбай жеңіске жетті.
Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК