Отандық екі бірдей дзюдошы алдағы апта шаңырақ көтереді, деп жазады Sportbugin.kz.
Дзюдошы Нұрқанат Серікбаев 11 қазан күні тойын өткізсе, Бакуде өткен әлем чемпионатында күміс жүлде иеленген Шерзод Давлатовтың үйлену тойы
13 қазанға жоспарланған.
Айта кетейік, Нұрқанат Серікбаев әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуінде Алжир спортшысын жеңгенімен, екінші айналымда әлем чемпионы, жапониялық Такэока Такэшимен болған кездесуде жеңіліп қалды.
Ал 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Шерзод Давлатов турнир барысында алты белдесу өткізіп, оның бесеуінде жеңіске жетті. Ол жартылай финалда Париж Олимпиадасының жүлдегері әрі әлем чемпионы Рюдзи Нагаяманы жеңді. Финалда әзербайжандық Ахмад Юсуповпен кездесіп, жеңіске жақын болғанымен, шешуші сәтте қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлде иеленді.
