Қазақстанда UFC турнирін ұйымдастыру мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп жазады Sportbugin.kz.
Министрдің айтуынша, турнирді Қазақстанда өткізуге қатысты қажетті келісу жұмыстары жүргізілген.
Ұйымдастырушылардың түпкілікті жауабы айдың соңында белгілі болады.
Айта кетейік, UFC турнирін Қазақстанда өткізу мәселесі 2020 жылы да көтерілген болатын. Алайда сол кезде пандемияға байланысты жоспар жүзеге аспады.
Бұған дейін ТМД елдері арасынан UFC турнирлерін Әзербайжан мен Ресей қабылдаған. Егер Қазақстанда жарыс ұйымдастырылса, еліміз осы промоушен турнирін өткізген аймақтағы үшінші мемлекет атануы мүмкін.
Сондай-ақ 2027 жылы Қазақстанда UFC турнирі өтетін болса, оған отандасымыз Шавкат Рахмоновтың қатысуы ықтимал.
