Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Азия ойындарында Қазақстан құрамасының бірқатар спорт түрінен көрсеткен нәтижесіне көңілі толмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
«Азия ойындарында біз ауыр атлетикадан алтын жоспарлағанбыз. Оқ атудан алдыңғы Азия ойындарында үш алтын болған, одан кейін ескек есуден екі алтынымыз болған. Осы спорт түрлерінің нәтижелері төмендеп кеткенін көріп отырмыз.
Одан бөлек, ескек есудің екінші түрі — академиялық ескек есу, таеквондодан тұңғыш алтын, ММА бірінші рет кіріп жатыр, ол жерде алтын медальдар алдық. Олар өз нәтижелерін берді.
Жалпы алып қарағанда, осы өзіміздің негізгі спорт түрлеріндегі нәтижелер және тікелей алтын медаль болмағаны көңілімізге тиді», — деді Ербол Мырзабосынов.
