Күрес түрлерінен Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан финалға шықты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
97 келіге ауысқан Ризабек финалға дейін Қырғызстан, Өзбекстан және Үндістан балуандарын ұтты.
Ақтық сында Айтмұхан осы салмақтың көшбасшысы, Бахрейн атынан сынға түсетін дағыстандық Ахмед Тажудиновпен белдеседі.
Түркияда өткен халықаралық сында Ризабек Ахмедтен жеңілген болатын. Енді есе қайтаратын жаңа мүмкіндік туып отыр.
Айта кетелік, Ризабек Айтмұхан 92 келіде, Ахмед Тажудинов 97 келіде 2023 жылғы әлем чемпионы атанған.