Күрес түрлерінен Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан Азия аймақтық іріктеу турнирінде үш қазақ балуаны жартылай финалға шықты, деп жазады Sportbugin.kz.
Еркін күрестен 74 келідегі Нұрғожа Қайпанов турнир барысында Филиппин пен Пәкістан балуандарын айқын басымдықпен ұтып, жартылай финалға өтті.
97 келідегі Әлішер Ерғали ширек финалда қырғыз балуанын айқын басымдықпен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
125 келідегі Юсуп Батырмұрзаев Қырғызстан және Пәкістан спортшыларын жеңіп, жартылай финалға шықты.
Аталған үш балуанға Олимпиада жолдамасын иелену үшін турнирдің финалына өту керек.
Ал 57 келідегі Ерасыл Мұхтарұлы бірінші айналымда сүрінсе, 65 келідегі Майис Алиев аса тартысты белдесуде қытайлық спортшыға есе жіберді.
Біріккен күрес әлемі (UWW) аталға белдесуді күннің ең үздік жекпе-жегі деп таныды.