Күрес түрлерінен Олимпиадаға іріктеу турнирінде әйелдер күресінен Қазақстан командасы әлі жолдамаға қол жеткізген жоқ, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Қайрат Сағадиев жаттықтыратын команда 6 салмақтың бесесуінде сынға түсіп, бірде-бір жолдама ала алмады. Ал 76 келідегі Жәмила Бақбергенова кілемге кейінірек шығады.
50 келіде ел намысын қорғаған Лаура Ғаниқызы үндістандық балуан, Азияның алты дүркін жүлдегері, әлем чемпионатының қола жүлдегері Винеш Винештен мерзімінен бұрын ұтылды.
53 келідегі Жұлдыз Ешімова Солтүстік Корея балуанынан тізе бүкті.
Ал тағы үш балуанымыз іріктеу кезеңдерінен аса алмаған болатын.
Шамасы, 36, 38 жастағы спортшыларға сенім артқан әйелдер командасына Стамбулда өтетін соңғы лицензиялық жарыста жолдама алу қиынға соғатын сияқты.