Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Мейіржан Шермаханбет Олимпиадаға іріктеу турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Мейіржан алдымен Түркменстан балуанын жеңсе, ширек финалда Азия чемпионы, өзбекстандық Аброр Атабаевты 6:3 есебімен ұтты.
Атабаев былтырғы Азия чемпионатында Алмат Кебіспаевты айқын басымдықпен жеңген болатын.
Мейіржан Шермаханбеттің жартылай финалдағы қарсыласы — Азия чемпионатының қола жүлдегері, жапондық Киотаро Согабе.