1-12 мамыр аралығында Әзірбайжан астанасында спорттық оқ атудан әлем кубогы өтеді, деп хабарлайды Sportbugin.kz. Бакудегі оқ ату спортының өкілдерімен қатар стенд атудан да жүлделерді сарапқа салынады.
Стенд атудан Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабы әлем чемпионатына қатысатын құрамды анықтады.
Трап: Әлішер Айсалбаев, Богдан Конченко, Виктор Хасянов, Максим Коломоец, Максим Бедарев, Мария Дмитриенко, Анастасия Прилепина, Айжан Досмағамбетова, Наргиза Сарманова
Скит: Әсем Орынбай, Ольга Панарина, Диана Сабекова, Адель Садакбаева, Ольга Хасянова, Эдуард Ещенко, Ратмир Еникеев, Данил Стрельцов, Владислав Заводиленко, Илья Пеньков.
Стенд атудан Қазақстан құрамасының бас бапкері Сергей Колос Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне алдағы жоспарлары туралы айтып берді:
«Біз қазір Дохадамыз, Олимпиадаға лицензиялық турнир өтіп жатыр. Мария Дмитриенко трап жаттығуында лицензияны жеңіп алды. Жолдама жеке спортшыға емес, елге беріледі. Мария бұған өз еңбегімен жетті. Қазіргі уақытта бізде одан мықты ешкім жоқ. Сондықтан, егер барлығы жақсы болса, Дмитриенко Парижге барады».
Ертең стендтік жарыстар басталады, онда жаттықтырушылар штабы тағы бір лицензия ұтып алуды жоспарлап отыр.
«Біз Әсем Орынбайға үміт артамыз. Егер ол бұл мақсатына жете алмаса, оның рейтинг негізінде жеке лицензия алуға мүмкіндігі бар. Қазір Әсем әлемдік рейтингте 1-ші орында. Оның артынан еріп француз мен испан спортшылары еріп келеді. Мамырдағы Еуропа чемпионатынан кейін кімнің көшбасшы болып қалатыны белгілі болады. Бірақ біз алысқа апармай, Дохада жолдаманы ұтып алуды жоспарлап отырмыз».
«Бакудегі әлем чемпионатына келетін болсақ, оның Олимпиада ойындарына еш қатысы жоқ. Біз көптеген жас спортшыларды алып келдік. Олар осындай халықаралық жарыстарда тәжірибе жинақтауы керек.