Семсерлесуден 27-28 сәуір күндері Біріккен Араб Әмірлігінде өтіп жатқан лицензиялық жарыста Қазақстандық семсерлесушілер өнер көрсетуде, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Жарыстың екінші күнінде Галим Нурумов найза жаттығуы бойынша топтық кезеңді сәтті аяқтады. Олимпиада лицензиясы үшін талас Фуджейра (БАӘ) қаласында өтіп жатыр. Ереже бойынша тек чемпион атанған спортшылар ғана Париж Олимпиадасы жолдамасының иегері атанады. Осыған дейін ұлттық құрама спортшысы София Актаева финалдық сайыста Филиппин спортшысына есе жіберген болатын.