Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионы Сабырхан Төрехан салмақ ауыстырды. Бұл туралы жастар құрамасының аға бапкері Қайрат Сәтжанов Facebook желісінде берген сұхбатында айтты, деп жазады Sportbugin.kz.
«Төрехан үшін 63,5 келіге салмақ қуу қиындық тудырады. Қазірдің өзінде таза салмағы 69-70 келі. Оның үстіне бойы да, қолы да ұзын. Қай жағынан алып қарасақ та, 67 келідегі қарсыластарынан еш кем түспейді», — деді Сәтжанов.
Еске сала кетейік, Төрехан Сабырхан әлем чемпионы Махмұд Сабырханның інісі. Олар әлемдік аренада Қазақстан намысын абыроймен қорғап жүр.