Дзюдодан Душанбеде (Тәжікстан) өтіп жатқан Grand Slam турнирінің екінші жарыс күнінде Абылайхан Жұбаназар жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
81 келі салмақта белдескен Абылайхан қола медаль үшін өткен кездесуде чехиялық Адам Копецкиді ұтты.
Душанбе төрінде қызылордалық балуан жапондық спортшы Юшито Ходжодан ғана жеңілген.
Айта кетелік, Душанбедегі Grand Slam турнирінде Қазақстан спортшылары сәтті өнер көрсетуде. Бұған дейін Мағжан Шамшадин (60 келі) күміске қол жеткізсе, Дархан Қойбағар (73 келі) қола медаль иеленген.