Қазақстан хоккейінің түлегі Антон Сагадеев «Адмиралда» мансабын жалғастырады. Осы аралықта ол жақсы жалақы алмақ, деп жазады Sportbugin.kz.
30 жастағы спортшы өткен маусымда «Сочиде» ойнап, 40 матчта 12 ұпай жинады.
2021 жылға дейін Сагадеев «Номад», «Сарыарқа» және «Барыс» клубтарында ойнаған.
Metaratings.ru мәліметінше, Сагадеев бір маусымда 15 млн рубль (73 млн теңге) көлемінде пайда табады.
Айта кетелік, бұған дейін «Барыс» үздігі Аркадий Шестаков та «Адмиралға» ауысқан еді.