Бүгін Астанада бокстан «Елорда кубогі» халықаралық турнирінің үшінші жарыс күні өтеді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Бүгін шаршы алаңға шығатын боксшылар арасында екі әлем чемпионы бар. Олар — Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (54 келі).
Бибосынов алғашқы жекпе-жегінде өзбекстандық Мұхаммедқадыр Мамыржоновпен бокстасады.
Ал Махмұдтың қарсыласы — тағы бір өзбекстандық боксшы Худайназар Фаизов.
Сондай-ақ, бүгін рингке көтерілетін боксшылар арасында әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Серік Теміржанов та бар.