Tobet Team жаттықтырушысы Диас Қабдуов қазақстандық файтерлердің UFC қатарына ену мүмкіндігі жайлы айтты, деп хабарлайды Sport+ сайтына сілтеме жасаған Sportbugin.kz.
«Магомед Кабардиевтің екі жылға жұмыс визасы бар. Барлығы оның аяғына байланысты. Ол толық қалпына келген кезде, оның менеджері Саят Әбдірахманов бәрін бақылауда ұстайды. Біз, негізінен, күтеміз.
Дияр Нұрғожайға FURY FC-мен келісімшарт берілді. Біз виза күтіп отырмыз, Саят жұмыс визасын жасап жатыр. Виза дайын маусым, шілде айларында дайын болса, тамызда Диярдың Америкадағы жекпе-жегі өтеді. Егер ол жақсы өнер көрсетсе, UFC-мен келісімшартқа отыру мүмкіндігі бар.
Жасұлан Әкімжанның да First Management арқылы келісімшарты бар. Қазір виза күтіп отырмыз. Әзірге, осы үш есім. Бірақ виза алған немесе процессте жүрген басқа да көптеген жігіттер бар. Менің ойымша, UFC-ге бірінші болып жұмыс визасын алып, Америкада жүрген адам кіреді», — деді Қабдуов.