Астанада өтіп жатқан дәстүрлі «Елорда кубогы» турнирінде бүгін ұлттық құраманың екі көшбашысы өнер көрсетті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
51 келіде сынға түскен Сәкен Бибосынов өзбекстандық Мұхаммедқадыр Мамыржоновты айқын басымдықпен жеңді.
Ал 57 келідегі Махмұд Сабырхан тағы бір өзбек боксшысы Құдайназар Фаизовтан басым түсті.
Айта кетелік, аталған турнир Олимпиада қарсаңындағы дайындық кезеңі саналады.