Қазақстандық балуан Жамиля Бақбергенова Sport + арнасында қонақта болып, соңғы өткен жекпе-жек және әйелдер күресі туралы айтып берді, деп жазады Sportbugin.kz.
– Өткен жекпе-жекте қытайлық спортшыдан ұтылып қалған едіңіз. Бір өкініш қалды ма?
– Париж Олимпиадасына лицензия алмағаныма өкінемін, бірақ өкінішпен ештеңе өзгермейді, қателік өзімнен кетті.
– Олимпиадаға іріктеу кезеңіне дейін 72 келіде күресіп жүрдіңіз. Бұл мақсатты түрде ме, әлде бірте-бірте 76 келіге ауысуға ой болды ма?
– Мақсатты түрде емес, маған сол салмақта күресу ыңғайлы болды. Салмақ қосуға шамам жетпеді, организмім сол салмаққа үйреніп қалған. Әлем чемпионы боламыз деп жұмыс істеген болатынбыз, бірақ ауырып қалдым.
– Шешуші сәтте қателік жіберген адам жанып кетуі мүмкін бе?
– Негізі, мен лицензия аламын деген сенімде болғанмын. Сол сәт маған және бапкеріме өте ауыр тиді. Ол маған барлық жағдайды жасап берді. Қателік тек менен болды.