Бокстан Астанада өтіп жатқан «Елорда кубогі» турнирінде финалға шыққан боксшы қыздар анықталды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Қазақстан сапынан төмендегі спортшылар турнирдің алтын медаліне таласады:
Анель Сақыш (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Виктория Графеева (60 келі), Милана Сафронова (66 келі), Ләззат Күнгейбаева (+81 келі).
Айта кетелік, 60 келі салмақтағы Виктория Графеева Париж Олимпиадасына жолдама алған спортшы, әлем чемпионатының жүлдегері, қытайлық Венлу Янгты таза жеңген.
Сондай-ақ, бұл турнирде әлем чемпионы Дина Жолдаман да жеңіліс тапты.