Хоккейден Финляндияда өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан топтағы соңғы ойынын өткізді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
В тобындағы соңғы матч элитада қалатын команданы анықтайтын еді. Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері турнир кестесінің ең соңында келе жатқан Польша құрамасын жеңді. Есеп — 3:1.
Қазақстан сапынан Никита Михайлис (13-минут), Валерий Орехов (51) және Роман Старченко (55) көзге түсті. Қарсылас сапынан Камиль Валега (10) бір шайба соқты.
Чемпионатта 6 ұпай жинаған Қазақстан құрамасы элиталық дизивиондағы орнын сақтап қалды. Ал турнир кестесінің ең соңында қалған Польша бұл дивизионмен қоштасты.
Айта кетелік, Қазақстан командасы элиталық дивизионға 2019 жылы оралған болатын.