Дзюдодан Әзербайжан командасының мүшесі Хидаят Гейдаров 73 келі салмақта әлем чемпионы атанды, деп жазады Sportbugin.kz.
Гейдаров 1997 жылы Қарағандыда дүниеге келген. Ал 3 жасында отбасымен бірге атамекеніне оралып, Баку қаласына көшіп кетеді.
Ол алты жасынан бастап спортпен шұғылдаанған.
Хидаят Гейдаров әлем біріншіліктерінде үш рет қола жүлдегер атанып, Еуропа чемпионатында төрт рет топ жарған.
Әбу-Дабиде ол барлық қарсыласынан басым түсіп, финалда жапондық Тацуки Ишихараны ұтты.
Бұл біріншілікте Қазақстан ерлер командасы әлі көзге түскен жоқ.