Бокстан Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде Ұлжан Сәрсенбек жеңіліп қалды, деп жазады Sportbugin.kz.
Әйелдер арасында 54 келі салмақта сынға түскен Ұлжан бірінші жекпе-жекте америкалық Шер Мэй Патрисиодан жеңілді.
Бұл Қазақстан командасының Бангкок төріндегі алғашқы жеңілісі.
Айта кетелік, бұған дейін Валентина Хальзова, Римма Волосенко мен Назым Қызайбай бірінші айналымнан сәтті өтті.
Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК