Бокстан Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу сынында тағы бір боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды, деп жазады Sportbugin.kz.
Әйелдер арасында 66 келі салмақта жұдырықтасқан Наталья Богданова бірінші кездесуде жеңілді. Төрешілер сербиялық Кристина Кулухованы жеңімпаз деп таныды.
Богданова осымен үшінші рет іріктеу сынына қатысып, жеңіліс тауып отыр.
Ол алдымен Ханчжоудағы Азия ойындарына, кейін Италиядағы әлемдік іріктеу турниріне қатысып, жолдамасыз қалған еді.
Енлі Таиландтағы соңғы лицензиядық жарыста да Натальяға квота бұйырған жоқ.
Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі