Танымал бокс жаттықтырушысы, әлем чемпионы Галиб Жафаровтың жеке бапкері Әлімбек Балмағамбетов Олимпиадада кімдерден үміт күтетінін айтты, деп жазады Sportbugin.kz.
Бапкердің айтуынша, Париж ойындарында Сәкен Бибосынов, ағайынды Оралбайлар алысқа баруы мүмкін.
«Ағайынды Оралбайлар Италиядағы турнирде жақсы бокстасты. Сол екі жігіттің біреуі алтын алуы мүмкін. Одан бөлек, екінші Олимпиадасына бара жатқан Сәкен Бибосыновқа үміт артамын. Бас командада өзім де жүрдім. Екі Олимпиаданы өткердік. Сондықтан, бокстан қазіргі құрамды өте мықты деп айта аламын. Барлық спортшыға сәттілік тілеймін», — деді Балмағамбетов.
Еске сала кетейік, Париж Олимпиадасында бокс бәсекесі 27 шілдеде басталады.