14 маусымда Германияда футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты басталады. Аталған сынды жүргізуден танымал комментатор Ермұхамед Мәулен бас тартты, деп жазады Sportbugin.kz.
Телеарналар ойындарды жүргізетін комментаторларды анықтады. Олардың арасында танымал тележүргізуші Ермұхамед Мәулен де болған. Алайда, Еуроны жүргізуден бас тартты.
«Шақырғандарына рахмет, әрине! Бірақ футбол жүргізуге түк құлқым жоқ. Менде жеке басымның шаруалары бастан асады. «Реал» ойыншылары секілді әбден тойынғанмын футбол мен трофейге! Әріптестеріме сәттілік», — деді ол.