Едіге Қасымбек Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуінде жеңіске жетті, деп жазады Sportbugin.kz.
Еркін күрестен 125 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз іріктеу кезеңінде грузиялық Александр Абрамишвилимен кездесіп, қарсыласын 10:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты.
Осылайша, Едіге Қасымбек әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты. Енді ол келесі кезеңде ширек финал жолдамасы үшін күреседі.
