Талғат Орынбасар Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан әлемдік Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен отандасымыз Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтен басым түсті.
Талғат Орынбасар жарыс барысында татамиге төрт рет шығып, үш кездесуде жеңіске жетті. Алғашқы айналымда ресейлік Тұрпал Хабибуллаевты, ширек финалда британиялық Айри Чарлиді ұтты. Алайда жартылай финалда тәжікстандық Лойқ Кубдиновқа есе жіберді.
Осылайша, қазақстандық дзюдошы турнирді қола жүлдемен аяқтады.
