Дзюдодан Қазақстан әйелдер командасының мүшесі Эсмигуль Куюлова Париж Олимпиадасына жекелей сында да жолдама алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Бұл ақпаратты Спорт және туризм министрлігінің баспасөз қызметі де растады.
Куюлова бұған дейін командалық сында белдесуге ғана мүмкіндік алған еді. Халықаралық дзюдо федерациясы қазақстандық спортшының жекелей жарысқа қатысуына да рұқсат берді.
Осылайша, Куюлова командаластары Абиба Әбужақынова (48 келі) мен Камила Берліқаштың (+78 келі) қатарына қосылды.
Эсмигуль Куюлова дзюдодан Азия ойындарының және Азия чемпионатының қола жүлдегері.